Қазақстан жаңалықтары14 ақпан 2024, 21:27

"Пәк қыздар". Алматыда студенттердің жеке дерегінің таралуы тексерілуде

Алматы прокуратурасының нұсқауымен дербес деректерді тарату бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды, - деп хабарлайды Arbat.media.

«14 ақпан күні Бостандық ауданының Полиция басқармасымен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттерінің медициналық құпияны құрайтын жеке деректер мен мәліметтерді тарату фактісі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 147-бабы (жеке өмірге қол сұғылмаушылықты және Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасын бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру тіркелді», - деп хабарлады Алматы қаласы прокуратурасының баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта қылмыстық іс аясында тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

 

Адматы пәк қыздар жеке дерек тексеріс
18 қыркүйек 2026 Қазақстан жаңалықтары
18 қыркүйек 2026 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар