Қазақстан жаңалықтары12 желтоқсан 2023, 13:19

«Парыз» гран-приі мен «Алтын сапа» жүлдегерлері марапатталды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Парыз» сыйлығының гран-приі мен «Алтын сапа» сыйлығының жүлдегерлерін марапаттады, - деп хабарлайды Arbat.media.

Шағын және орта бизнес кәсіпорындары арасында «Парыз» сыйлығының гран-при Қызылорда облысындағы «Абай Даулет» ЖШС-на берілді.

Ал ірі бизнес саласында бұл жүлде Бақыршық тау-кен өндіру кәсіпорнына табысталды.

«Алтын сапа» сыйылығының «Үздік индустриялық жоба» номинациясы бойынша Қостанай облысының «ДЕП» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, «Үздік инновациялық жоба» аталымында Маңғыстау облысындағы «CleanfieldKazakhstan» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі марапатталды.

Президент бүгінгі іс-шарада Қазақстан ірі өнеркәсіптік өндірістен бастап, шағын сервистік жобаларға дейінгі экономиканың барлық саласын одан әрі цифрландыруға баса мән беретінін айтты. 

 

Парыз Алтын сапа Марапат Қасым-Жомарт Тоқаев

Тақырыпқа жаңалықтар