Павлодарда дәрігер баланы сүндетке отырғызамын деп сотталып кетті
Павлодарда баланы сүндетке отырғызған дәрігер сотталды, деп хабарлайды Arbat.media.
Оқиға 2023 жылы болған.
Хирург баланы cүндетке отырғызу кезінде оның денсаулығына ауыр зиян келтірген.
Сотта дәрігер өз кінәсін мойындамады.
Судья хирургтың кәмелетке толмаған 3 баласы барын, бұған дейін сотталмағанын ескерді.
Соттың үкімімен 1 жылға дәрігердің бас бостандығы шектелді.
Сондай-ақ сотталушыға пробациялық бақылау белгіленіп, мәжбүрлі еңбекке тартылып, 1 жыл медициналық қызмет көрсету құқығынан айырылды.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: