Павлодарда жүктілігін бәрінен жасырып келген студент босанған соң сотталды
Студент жүктілігін соңына дейін ата-анасынан және айналасынан жасырып келген. Өткен жылдың қазан айында студенттік жатақхана ваннасында ол дені сау қыз баланы дүниеге әкелген, деп хабарлайды Arbat.Media.
Ол сәбидің жылауы жүктілігін әшкерелеуі мүмкін деп қорқып, оны орамалға орап, тұншықтырған. Нәтижесінде сәби көз жұмған.
Студент сотта екі жыл жүрген жігіті баланы қабылдамағанын жеткізді. Айналасынан қорықып, ұялғаннан ешкімге айта алмаған.
Нәтижесінде бойжеткен 2 жылға бас бостандығынан шектеу жазасына кесілді.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: