Перизат Қайрат диплом жасатпақ болған

Перизат Қайрат диплом жасатпақ болған, деп хабарлайды Arbat.Media.

Бұл туралы сотта куәгер Толғанай Боранқұлова айтты. Прокурор Мәдина Оразалина сотталушы Перизат Қайраттың ұялы телефонындағы 2023 жылғы 18 мамырда танысымен жазысқан хатын оқыды. Мемлекеттік айыптаушының мәлімдеуінше, Перизат Қайрат танысынан қазақстандық дипломды алу мүмкіндігі туралы сұраған.

Куәгер хат алмасудың шынайылығын растады.

«Менің ойымша, сол уақытта ол бір министрдің көмекшісі болып жұмысқа орналасып жатыр еді», - деді Толғанай Боранқұлова.

Айта кетейік, бүгін сот отырысында Перизат Қайрат ісіне қатысты 13 жәбірленуші мен 15 куәнің жауабы тыңдалды.

Перизат Қайрат сот Диплом

Тақырыпқа жаңалықтар