Перизат Қайрат сотқа Алматының экс-әкімі Бауыржан Байбекті шақыруды талап етті

Перизат Қайрат сотқа Алматының экс-әкімі Бауыржан Байбекті шақыруды талап етті, деп хабарлайды Arbat.Media.

Астана қаласында қаржы жымқырды және алаяқтық жасады деп айыпталған қоғам белсендісі Перизат Қайраттың соты басталды.

Сотта Перизат Қайрат айыптау актісімен келіспейтінін тағылған айыптарға заң жүзінде қорғанатынын жеткізді.

Прокурорлар «Перизат Қайрат қоғамдық ұйымды тіркеу үшін құрылтайшылардың қолдары қолдан жасады», - деген болатын. Осы ретте айыпталушы құрылтайшыларды сотқа шақыруды сұрады.

«Мені анаммен бірге қор құрды және қолдарды қолдан жасады деп айыптап отыр. Ал қор партия жанында, Байбектің басшылығы кезінде құрылған болатын. Құрылтайшылардың барлығы – менен басқасының кейбірі бұрынғы, кейбірі қазіргі партия қызметкерлері», – деді Перизат Қайрат.

 

Перизат Бауыржан Байбек Қайрат

Тақырыпқа жаңалықтар