Полиция журналист Данияр Әділбековтің ұсталғанын растады
Елордалық полиция департаменті журналист Данияр Әділбековтің ұсталғанын растады. Ведомстводан хабарланғандай, оның үстінен қылмыстық іс қозғалды, - деп хабарлайды Arbat.media.
Бұл туралы Kazinform агенттігі жазды.
«Қылмыс жасағаны туралы көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін азамат «Ә»-ға қатысты қылмыстық іс қозғалды», - деп түсіндірді елордалық полиция департаментінен.
Ұсынылған ақпаратқа сәйкес, сот журналистке қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын таңдады.
Өзге мәлімет тергеу мүддесі үшін жарияланбайды.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: