Польшада қазақстандық әскери дипломаттың ұсталғаны туралы ақпарат расталды

Қорғаныс министрлігінің Халықаралық қатынастар орталығы Польшада қазақстандық әскери атташенің тұтқындалғанын ресми түрде растады, деп хабарлайды Arbat.Media.

Қорғаныс министрлігі Telegram каналында польшалық құқық қорғау органдары қазақстандық әскери атташе аппарат қызметкерін ұстағанын растады. Ведомствоның хабарлауынша, қазіргі уақытта бұл жағдайды шешу үшін шетелдік тараппен өзара іс-қимыл жасалуда.

"Қазақстан Республикасы азаматының құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау бойынша қажетті шаралар қабылдануда", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, қазақстандық дипломаттың ұсталғаны туралы ақпарат 2 тамызда поляк БАҚ беттерінде тарады.

Польша дипломат ұсталды Әскер
Бүгін, 16:32 Қазақстан жаңалықтары
Бүгін, 9:24 Қазақстан жаңалықтары
Бүгін, 17:17 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар