Президент қос палатаның отыз жылдық қызметіне баға берді
Президент қос палатаның отыз жылдық қызметіне баға берді, деп хабарлайды Arbat.Media.
«30 жыл ішінде аса қажет 3,5 мыңға жуық заң қабылданды. Оның әрбір оныншысының бастамашысы – депутаттар. Заң шығару жүйесінің қалыптасуына халқымызға және халықаралық қауымдастыққа кеңінен танымал саясаткерлер, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлері атсалысты», – деді Президент.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев олардың еңбегі Парламент тарихында ерекше із қалдырып, халық жадында сақталатынын айтты.
Президенттің сөзінше, бұл бірлескен отырыс тәуелсіз Қазақстан тарихындағы тұтас бір кезеңнің аяқталғанын білдіреді. Ол Парламенттің заман талабына бейімделіп, қоғам сұранысына жедел жауап беретін сындарлы институт ретінде қалыптасқанын атап өтті.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: