Қар басқан аудандардан жолаушылар шығарылды
Ауа райының қолайсыздығына байланысты қазақстандықтар діттеген жеріне ұшақпен не көлікпен жете алмай жатыр. Ал кейбір жолаушылар қардың қалыңдығы мен көктайғаққа байланысты тіпті жолда қалып қойып та жатыр. Осыған байланысты қазіргі таңда ең оңтайлы көлік –пойыз болып отыр, - деп хабарлайды Arbat.media.
ҚТЖ өкілдерінің хабарлауынша, кешеден бері теміржолшылар қар құрсауынан 700 адамды шығарды. Көкшетау, Қарағанды, Павлодар мен өзге де бағыттарға жолға шыққысы келетін жолаушылар үшін 2 мың орындық қосымша вагондар жалғанды.
ҚТЖ өкілдері тұрғындарды жол ашылғанша, көліктің кез келген түрімен сапарға шығудан бас тартуға шақырады.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: