Қарағандыда аурухана тамағынан қоңыз шыққан
Желі қолданушысы өз шағымын жеткізіп, суреттермен бөлісті, деп хабарлайды Arbat.Media.
Аурухана әкімшілігінің мәліметінше, пациенттерге тамақты мамандандырылған ұйым жеткізеді екен.
Және мекеме әкімшілігі мен жауапты қызметтердің үнемі бақылауында болады.
«Ақпарат алғаннан кейін дереу қажетті шаралар қабылданды. Жеткізуші өкілі шұғыл түрде шақырылып, тексеру жүргізілді және тамақтың барлық партиясы ауыстырылды», - делінген мәлімдемеде.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: