Қарағандыда мотоцикл тізгіндеген жасөспірім 8 жасар қызды қағып өлтірді
Қарағандыда мотоцикл тізгіндеген жасөспірім 8 жасар қызды қағып өлтірді, деп хабарлайды Arbat.Media.
Оқиға 9 мамырда Көкпекті станциясында болған.
Алған ауыр жарақаттарының салдарынан қыз оқиға орнында көз жұмды.
Полиция мәліметінше, 17 жастағы мотоцикл жүргізушісінің өзі де түрлі жарақат алып, ауруханаға жатқызылған.
Қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатыр.
Сондай-ақ жасөспірімнің ата-анасына қатысты адам өліміне әкеп соққан, жүргізу құқығы жоқ адамға көлік тізгіндеуге рұқсат беру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: