Қарағандыда жаяу жүргіншіні екі көлік қағып кетіп, көз жұмды

Қарағандыда жаяу жүргіншіні екі көлік қағып кетіп, көз жұмды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Полиция мәліметінше, 37 жастағы «Skoda» жүргізушісі рұқсат етілмеген жерден жолды кесіп өтіп бара жатқан 46 жастағы ер адамды қағып кеткен.

Соққының салдарынан жаяу жүргінші қарсы қозғалыс жолағына құлап, оны ВАЗ көлігінің 20 жастағы жүргізушісі қағып кеткен.

Жаяу жүргінші алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды.

Тергеу жүріп жатыр.

Қарағанды Апат Қаза жүргінші

Тақырыпқа жаңалықтар