Қарағандыдағы жантүршігерлік жол апатынан 3 адам қаза тапты
Қарағанды облысында автокөлік аударылды. Салдарынан үш адамның өмірі қиылды, деп хабарлайды Arbat.Media "ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясына сілтеме жасап.
Компанияның Telegram желісіндегі ресми арнасының хабарлауынша, жол-көлік оқиғасы 11 тамызда сағат 00:10 шамасында "Астана – Қарағанды – Алматы" автомобиль жолының 1396-шақырымында (Батпақты ауылы, Осакаров ауданы, ІА санаты) болды.
"Алдын ала мәліметтер бойынша Toyota Alphard автокөлігінің жүргізушісі көлікті басқара алмай аударылған", - делінген хабарламада.
Оқиға салдарынан үш адам қаза тауып, алты адам түрлі жарақат алды.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: