Қарағандылық қыз «Еуропа аруы-2023» байқауын жеңіп алды
Қарағандылық қыз «Еуропа аруы-2023» байқауын жеңіп алды, - деп хабарлайды Arbat.media.
Наталья Вантюсова Қарағанды университеті дене шынықтыру және спорт факультетінің 3 курс студенті. Бойжеткен сегіз жыл кәсіпқой спортпен айналысты, бірнеше рет Қазақстан чемпионаттарына қатысқан және оның қолында көпсайыс жүлдегері атағы бар.
Жақында Наталья «Еуропа аруы-2023» атағының иегері атанды. Бұл туралы ekaraganda.kz тілшісі қыздан толығырақ сұрап білді.
Натальяның айтуынша, ол модельдік агенттіктің жарнамасын көріп, соған жазылуды ұйғарған.
«Агенттікте бізге суретке түсу, сән көрсетілімі, актерлік шеберлік, модельдеу теориясы үйретілді. Алдымен «Қарағанды аруы» байқауының жеңімпазы атандым, содан кейін Алматыда өткен республикалық сұлулық, сән және талант байқауында Гран-при, Мәскеуде «Еуропа аруы-2023» атағын жеңіп алдым, яғни BEST MODEL WORLD BEAUTY 2023 номинациясында ГРАН-ПРИ жеңіп алдым. », - дейді бойжеткен.