Қарындасын зорлап келген екі ағайындының біреуі қамауға алынды
ФОТО: Depositphotos
Depositphotos
Қазақстан жаңалықтары18 қазан 2024, 11:00

Қарындасын зорлап келген екі ағайындының біреуі қамауға алынды

Жамбыл облысында өз қарындасын жылдар бойы зорлап келген екі ағайындының біреуі қамауға алынды. Ал екіншісіне іздеу жарияланған. Бала құқықтары жөніндегі уәкіл олар 13 жастағы қызға алты жыл бойы жыныстық зорлық-зомбылық көрсеткенін айтты, - деп хабарлайды Arbat.media.

Оқушы қыз үйде көрген зәбірді мектеп психологына айтуға тырысқан. Алайда оның сөзін жылдар бойы ешкім елемеген, деп жазады КТК телеарнасы.

Омбудсмен Динара Зәкиеваның айтуынга, зорлық көрген жеткіншек анасымен бірге әлеуметтік орталыққа орналастырылған. Олармен психолог мамандар жұмыс істеп жатыр.Ал сұмдық жағдайға байланысты құрылған арнайы комиссия мектептерде тексеріс бастады.

Қазір бұл дерекке қатысты қылмыстық іс тіркеліп, сотқа дейінгі шаралар жүруде. Азғындыққа барғандар өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Байжан Байгелді, Жамбыл облысы ІІД бастығының орынбасары:

— Тергеуде қылмыс жасаған екі күдікті анықталды. Полиция қызметкерлерімен жедел-іздестіру нәтижесінде бір күдікті ұсталып қамаққа алынды. Екінші күдіктіге қатысты іздеу жарияланып, ұстау іс-шаралары жүргізілуде. Оқиғаның барлық мән-жайын анықтау мақсатында жедел-тергеу тобы құрылды.

Жамбыл облысы қарындас Зорлық Қамау

Тақырыпқа жаңалықтар