Қазақстан жаңалықтары9 қараша 2023, 15:06

Қасым-Жомарт Тоқаев: Қазақстан мен Ресей – стратегиялық серіктес әрі одақтас

Қазақстан мен Ресей - стратегиялық серіктес әрі одақтас. Бұл туралы Қазақстан мен Ресейдің XIX Өңіраралық ынтымақтастық форумында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, - деп хабарлайды Arbat.media.

«Татнефть» компаниясымен бірге жылдық қуаты 340 мың тоннаға дейін болатын бутодиен өндіретін қазақстардық-ресейлік зауыттың құрылысы басталды. Полиэтилен шығаратын кәсіпорын құрылысына қатысты келіссөз аяқталды. 2019 жылдан бері өндірістік кооперация саласындағы бірлескен іс-қимыл бағдарламасы жемісті жұмыс істеп тұр. Қазіргі сәтте тек осы бағдарлама бойынша 3,2 млрд доллар сомаға 30 жоба жүзеге асырылды. Жалпы құны 27 млрд доллардан асатын тағы да шамамен 60 жоба жүзеге асырылу немесе пысықталу сатысында тұр», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы осы жылдың қыркүйек айында Астанада «Иннопром» халықаралық өнеркәсіп көрмесі өткенін, онда екі елдің өнеркәсіптік кооперациялары арасындағы жаңа көкжиек талқыланғанын еске салып өтті.

«Мұның бәрі Қазақстан мен Ресейдің стратегиялық серіктес әрі одақтас екендігін сенімді түрде паш етеді», - деді Қазақстан президенті.

 

Қазақстан-Ресей стратегиялық серіктес одақтас

Тақырыпқа жаңалықтар