Қатерлі ісікке қарсы отандық препарат қолданысқа қашан енгізіледі?

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек бір жыл бұрын бұл препарат жыл соңына дейін тіркеліп, нарыққа шығарылатынын мәлімдеген болатын, деп хабарлайды Arbat.Media.

Бүгінгі брифинг барысында министр оның не себепті тіркелмей жатқанын айтты.

«Бізде ұлттық сараптама орталығы тіркейді. Бұдан бөлек халықаралық тіркеуден өтуі тиіс. Жыл соңына дейін дәріні ұлттық деңгейде тіркеуді жоспарлап отырмыз», - деді Нұрбек.

Министрдің мәлімдеуінше, тіркеуден кейін клиникалар оны қолдана алады.

Дәрі Ауру онкология Ғылым

Тақырыпқа жаңалықтар