«Қаза тапқандар бар»: Алматы облысында шекара заставасы аумағынан өрт шықты

Алматы облысында шекара заставасы аумағынан өрт шықты, деп хабарлайды Arbat.Media.

ҰҚК шекара қызметінің мәліметінше, 6 желтоқсанда «Нарынқол» шекара заставасының аумағындағы қызметтік үйден өрт шықты.

Қайғылы оқиға салдарынан әскери қызметші мен оның баласы қаза тапты.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Шекара қызметі қаза болғандардың жақындарына барлық қажетті көмек көрсетеді.

Алматы Өрт Апат Қаза

Тақырыпқа жаңалықтар