Қазақстан АЭС салуға ақшаны қайдан алады
Коллаж: Ш.Адамбекова
Ş.Adambekova
Қазақстан жаңалықтары11 қазан 2024, 10:23

Қазақстан АЭС салуға ақшаны қайдан алады

Ұлттық экономика вице-министрі Арман Қасенов атом электр станциясының құрылысын қаржыландыруға қатысты сұраққа жауап берді.  Арман Қасеновтың айтуынша, АЭС құрылысын бөліп төлеуге болады, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Egemen.kz жазады.

«АЭС-тің құрылысымен айналысатын елдер туралы шешім қабылданған жоқ. Осыған сәйкес, АЭС құрылысын қаржыландырудың бір нұсқасы - оны бөліп-бөліп алу екенін білемін. Оны салатын компания төлемді кейінге қалдыруы мүмкін. Тиісінше, оны қаржыландыру үшін қаражат дәл қазір қажет болмауы да мүмкін. Бірақ қазір бұл туралы нақты айта алмаймыз, өйткені оны кім салатыны әлі белгісіз», деді ол.

6 қазанда Қазақстанда АЭС салу мәселесі бойынша республикалық референдум өткен еді. Орталық референдум комиссиясының мәліметінше, ел азаматтарының 71,12 пайызы АЭС салуды қолдаған.

Қазақстан АЭС Қаржы

Тақырыпқа жаңалықтар