Қазақстан жаңалықтары15 желтоқсан 2023, 6:28

«Қазақстан аруы – 2023» жеңімпазы анықталды

Алматыда «Қазақстан аруы – 2023» ұлттық сұлулар байқауы аяқталды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Байқауда бас жүлдені 21 жастағы Сабина Ыдырысова жеңіп алып, осы жылдың «Қазақстан аруы» атанды.

Биылғы байқау экологияны қорғау аясында «Болашақты аяла» - «Защити будущее» ұранымен өтті. Байқаудың финалдық кезеңіне кастингтерден және жартылай финалдың нәтижесінде іріктеліп шыққан 25 қыз қатысты. Олардың арасында өңірлік іріктеу кезеңдерінің жеңімпаздары да болды.

Финалдық кезең бірнеше байқаудан тұрды. Қатысушылар түрлі киімдер мен бейнелерде жеке және топтық дефиле көрсетті, кейін сұрақтарға жауап берді. Әділқазылар алдымен 25 қатысушының ішінен топ-12 қызды анықтады, осыдан кейін ең үздік 5 қызды анықтады.

«Қазақстан аруы» атағы мен «Әлем аруы» байқауына жолдаманы 21 жастағы Сабина Ыдырысова жеңіп алды. Оған сондай-ақ 5 млн теңгенің сертификаты табысталды.

«Қазақстан ғалам аруы» тәжі мен «Әлем аруы» байқауына жолдама 23 жастағы Мадина Әлмұхановаға берілді.

«Қазақстан жер аруы» атағы мен «Жер аруы» байқауына жолдама 20 жастағы Аяулым Алимхалиеваға берілді.

Ботагөз Нұржігітова «Қазақстан вице-аруы – 2023» атанды.

Сайтта дауыс беру арқылы көрермен көзайымы сыйлығының иегері Аделина Багумбаева болды.

Еске салсақ, өткен жылы 24 жастағы астаналық Томирис Кәкімова «Қазақстан аруы» атанған еді.

 

Сабина Ыдырысова Қазақстан аруы – 2023
Бүгін, 13:30 Қазақстан жаңалықтары
Бүгін, 19:34 Қазақстан жаңалықтары
Бүгін, 18:42 Қазақстан жаңалықтары
Бүгін, 17:35 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар