Қазақстан азаматтары тағы бір елге визасыз бара алады
Фото: РБК
RBK
Қазақстан жаңалықтары1 қазан 2024, 15:00

Қазақстан азаматтары тағы бір елге визасыз бара алады

ҚР Сыртқы істер министрлігі БҰҰ Бас Ассамблеясы 79-сессиясының шеңберінде өткен кездесулер барысында бірнеше құжатқа қол қойған. Аталған ведомство ақпаратында: «Қазақстан мен Сьерра-Леоне дипломатиялық және қызметтік паспорттардың иелерін визалық талаптардан босату туралы келісімге қол қойды», делінген, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Egemen.kz жазады.

Сьерра-Леоне – батыс Африканың Атлант мұхиты жағалауында орналасқан мемлекет. Бас шаһары – Фритаун қаласы, ал ресми тілі – ағылшын.

 

Қазақстан азаматтары Сьерра-Леоне визасыз бару

Тақырыпқа жаңалықтар