Қазақстан-Ресей шекарасында жүк көліктеріне шектеу қойылды
Боранға байланысты Қазақстан-Ресей шекарасында жүк көліктеріне шектеу қойылды, - деп хабарлайды Arbat.media.
ҚР ҰҚК Шекара қызметі БҚО бойынша департаментінен мәлім еткеніндей, Ресей Федерациясындағы төтенше жағдайлар қызметінен түскен мәлімет бойынша боран, көктайғаққа байланысты Самара-Тольятти жолында жүк көліктері үшін шектеу қойылған.
«Осыған орай Маштаков халықаралық автомобиль өткізу бекетінде жүк көліктерінің Қазақстаннан Ресейге өтуіне шектеу енгізілді. Өткізу шамамен 21 қаңтар күнгі сағат 13.00-ге дейін тоқтатылған. Сондықтан жүргізушілерге балама бағытты таңдауды ұсынамыз. Мемлекеттік шекарадан Ақсай-Елек, Шаған-Теплое, Тасқала-Озинки бекеттерінен өтуге болады», - деп хабарлады ведомстводан
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: