Қазақстан 2027 жылдың соңына дейін 3G-ден толық бас тартады
Сол уақытқа қарай 4G желісі 5 291 ауылды, ал 5G желісі 70 қала мен 300 ауылды қамтуы тиіс, деп хабарлайды Arbat.Media.
Бұл туралы вице-премьер – жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев айтты.
Айтуынша, қазір ауылдардың 84%-ында мобильді интернет қолжетімді.
«3G базалық станцияларын жаңартып, 4G-ге көшіріп жатырмыз. Қалалар мен ауылдарда 5G желісін де кеңейтіп келеміз», - деді министр.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: