Қазақстанда әйелдер ерлерден 28%-ға аз жалақы алады

Қазақстанда әйелдер мен ерлердің еңбекақысы арасындағы айырмашылық ұлғайып келеді, деп хабарлайды Arbat.Media.

Егер 2020 жылы әйелдердің жалақысы ерлерден орта есеппен 25%-ға төмен болса, 2025 жылдың қорытындысында бұл көрсеткіш 28,2%-ға жеткен.

Ең үлкен айырмашылық қаржы және сақтандыру саласында байқалады. Бұл секторда ер адамдар әйелдерге қарағанда 30,7%-ға көп жалақы алады. Ал жылжымайтын мүлік саласында айырмашылық 27,4%-ды құрайды.

Жоғары табысты және технологиялық салаларда да жалақы теңсіздігі сақталған. Мәселен:

баспа қызметінде әйелдердің табысы ерлер жалақысының небәрі 58,3%-ын;

әуе жолаушылар тасымалы саласында – 59%-ын;

компьютерлік бағдарламалау саласында – 66,5%-ын ғана құрайды.

Әйел ер айлық Қаржы

Тақырыпқа жаңалықтар