Қазақстанда алдағы күндері ауа райы қандай болады?
Қазгидромет 23, 24, 25 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Arbat.Media.
Еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады, батыс пен оңтүстік аймақтарда күндіз найзағай ойнайды. 23 қыркүйекте шығыста, 23-24 қыркүйекте еліміздің оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауады, таулы аудандарда түнгі уақытта жаңбырдың арты қарға ұласады.
Республика бойынша жел күшейіп, түнгі және таңғы уақытта тұман түседі.
Қазақстанның басым бөлігінде күндізгі температура біртіндеп 20-28 градусқа дейін, ал шығыс өңірлерде 10-15-тен 15-25 градусқа дейін көтеріледі.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: