Қазақстанда әлеуметтік көмек үш жылда 2,5 трлн теңгеге қысқаруы мүмкін

2027 жылдан бастап Қазақстанда әлеуметтік көмек азаматтың материалдық жағдайына қарай беріледі. Үкіметтің есебінше, бұл өзгеріс 2027 жылы 700 млрд теңге, ал үш жылда шамамен 2,5 трлн теңге үнемдеуге мүмкіндік береді, деп хабарлайды Arbat.Media.

Премьер-министр Олжас Бектеновтің айтуынша, енді көмек адамның белгілі бір санатқа жатуына ғана емес, оның нақты табысы мен қаржылық жағдайына байланысты тағайындалады.

Мысалы, көпбалалы екі отбасының табысы әртүрлі болса, оларға берілетін көмек мөлшері де өзгеше болуы мүмкін.

Жаңа жүйе 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап толық күшіне енеді. Ал әлеуметтік көмекке мұқтаждықты анықтайтын нақты талаптар әзірге белгіленген жоқ.

әлеуметтік көмек Көпбалалы Отбасы Үкімет

Тақырыпқа жаңалықтар