Шымкентте жанармай тасыған көлік өртеніп, жүргізушісі қаза тапты

Шымкенттің Тұран ауданындағы Ташкент тасжолында жанармай тасыған көлік жол апатынан кейін аударылып, өртенді. Құтқарушылар көлік кабинасынан жүргізушінің денесін тапты, деп хабарлайды Arbat.Media.

Шымкент қалалық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт туралы хабар 18 қарашада сағат 15:58-де 112 қызметіне түскен. Оқиға орнына өрт сөндіру бөлімшелері күшейтілген тәртіппен жіберілген.

Өрт сөндірушілер жеткенде аударылған көлікті түгел жалын шарпып үлгерген. Жолға төгілген жанармай да тұтанып, өрт 60 шаршы метр аумақты қамтыған. Өрт сөндірушілер жалынды толық сөндірді.

Қазір полиция жол апатының қалай болғанын және жанармай тасыған көліктің не себепті аударылғанын анықтап жатыр.

Жанармай тас жол Құтқарушылар оқиға

Тақырыпқа жаңалықтар