Қазақстанда сексуалдық зорлық-зомбылық істерін енді әйел тергеушілер қарайды
Қазақстанда сексуалдық зорлық-зомбылық істерін енді әйел тергеушілер қарайды, деп хабарлайды Arbat.Media.
Ішкі істер министрлігі бұл қадам жәбірленушілердің қосымша психологиялық күйзеліске ұшырауын азайтып, тергеу органдарына деген сенімді арттыру үшін қолға алынғанын мәлімдеді.
Сондай-ақ ведомство некеге мәжбүрлеу туралы жаңа баптың қолданылуын түсіндірді. Заң бойынша жәбірленуші ретінде әйел де, ер адам да таныла алады.
Алайда қорқыту, күш көрсету немесе қысым жасау белгілері болмаса, мұндай жағдайлар қылмыстық іс ретінде қаралмайды.
2025 жылдың қыркүйегінен бастап Қазақстанда некеге мәжбүрлеу қылмыстық құқық бұзушылық ретінде танылды.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: