Қазақстан жаңалықтары10 қазан 2023, 13:57

Қазақстандық құтқарушылар жасағы Ауғанстанға кетті

Қазақстан ТЖМ құтқарушылары жер сілкінісі салдарын жоюға көмек көрсету үшін Ауғанстанға жіберілді, - деп хабарлайды Arbat.media.

Тиісті тапсырманы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жүктеді.

Төтенше жағдайлар министрлігі іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін 45 адамнан құрылған күштер мен құралдар тобын әзірлікке келтірді.

"Олардың арасында Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары, кинологиялық есептобы, Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері мен фельдшерлері бар. Бұлар - құтқару операцияларында көпжылғы тәжірибесі бар білікті мамандар. Бірқатар құтқарушылар мен медицина қызметкерлері биылғы Түркиядағы жойқын жер сілкінісі салдарын жоюға қатысқан", - деп жазды ТЖМ-нан.

Топ қажетті жабдықтармен қамтылған.

Топты Қазақстан Республикасы ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитеті төрағасының міндетін атқарушы Ұларбек Әбікеев басқарады.

Ауғанстан ТЖМ құтқаршылар Зілзала
15 желтоқсан 2025 Қазақстан жаңалықтары
15 желтоқсан 2025 Қазақстан жаңалықтары
15 желтоқсан 2025 Қазақстан жаңалықтары
Кеше, 13:33 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар