Қазақстандықтар қандай дәріні жиі сатып алады?
Қазақстандықтар қандай дәріні жиі сатып алатыны белгілі болды, деп хабарлайды Arbat.Media.
Ең жиі сатылған дәрі — парацетамол. Бір жылда оның 3 млн-ға жуық қаптамасы өткен. Одан кейін натрий хлориді, этил спирті, аспирин және Цитрамон П жиі сатып алынған.
Денсаулық сақтау министрлігі ұсынған статистика бойынша, дәрі-дәрмекке сұраныс аптаның ортасында - сейсенбі мен сәрсенбіде артады, ал жексенбіде төмендейді.
Жалпы, бір жылдың ішінде 417 миллионнан астам дәрі-дәрмек қаптамасы таңбаланып сатылған. Оның 252 миллионы — импорттық, 165 миллионы — отандық өнім.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: