Қазақстандықтар самокат қолдануға қатысты тағы бір петиция жариялады

Қазақстанда жалға берілетін электросамокаттардың жылдамдық шектеуін арттыруды талап еткен үшінші петиция іске қосылды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Автордың айтуынша, жылдамдықтың 15 км/сағ-қа дейін төмендеуі жол уақытын ұзартып, жалдау құнын арттырған.

Алматы тұрғындарының көбі бұл ұсынысты қолдамай, шектеу қауіпсіздік үшін қажет екенін айтты. Сарапшылар бірнеше ұқсас петицияның қатар жариялануы кикшеринг компанияларының ықпалымен ұйымдастырылған болуы мүмкін деген пікір білдірді.

Қазір петицияға 120-дан астам адам қол қойған. Ресми қаралуы үшін 23 мыңнан астам қол қажет.

Элетросамокат жылдамдық петиция Қауіпсіздік

Тақырыпқа жаңалықтар