Қазақстандықтарға мобильді аударымдарға қатысты ескерту жасалды
Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов мобильді аударымдар туралы тағы да түсіндірді, деп хабарлайды Arbat.Media.
Үш ай ішінде әртүрлі адамнан 1 020 000 теңгеден астам ақша түскен қазақстандықтарды не күтетіні сұралды.
«Бірден айыппұл салмаймыз. Біз тек түсініктеме беруі үшін хабарлама жолдаймыз. Сол хабарламадан кейін салық төлеуші өз бетінше жеке кәсіпкер ретінде тіркелу туралы өтініш береді. Егер ешқандай әрекет болмаса, біз салықтық тексеру ашуға құқылымыз», - деп жауап берді Біржанов.
Вице-министр мобильді аударымдар туыстардан түссе, ешкім жазаланбайтынын атап өтті.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: