Қазақстанның үш аймағында жол жабық тұр
ҚазАвтоЖол үш облыста республикалық маңызды автожолдардың 3 учаскесінде көлік қозғалысы шектелгенін еске салды, - деп хабарлайды Arbat.media.
Аталған аймақтарда аяз күшейіп, көктайғақ, жаңбыр жауып тұр.
Жамбыл облысында — 1 учаске (79 км)
— «Алматы-Ташкент-Термез» а/ж 159-238 км, Кенен ауылы — Қайнар ауылы (Жаңа Қордай асуы)
Тыйым барлық көлік түрлеріне арналған.
Ақтөбе облысында — 1 учаске (176 км)
— «Самара-Шымкент» а/ж 526-702 км. Батыс Қазақстан облысының шекарасы — Маржанбұлақ ауылы.
Шектеу жүк және қоғамдық көліктерге қолданылады.
Батыс Қазақстан облысында — 1 учаске (132 км)
— «Самара-Шымкент» а/ж 394-526 км. Жымпиты кенті — Ақтөбе облысы шекарасы.
Тыйым жүк және қоғамдық көліктерге арналған.
Республикалық маңызы бар автожолдарды күтіп ұстауға 363 техника жұмылдырылды.