«Қазақтың Робин Гуды» сотталды

“Елге көмек” қайырымдылық қорының жетекшісі Ілияс Сәриев 3 жыл 8 айға, оның серіктесі қажылыққа апаратын “MM Travel” турфирмасының директоры Ақтоты Дүйсееваға 3 жылға сотталды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Дүйсееваның кәмелет жасына толмаған баласының болуына байланысты жазасын өтеу уақыты кейінге шегерілді. Ол сот залынан босатылды.

Екеуінен 20 адам Меккеге жолдама аламыз деп, 6 адам қайырымдылық көріп, баспаналы боламыз деп зардап шектік деп сотқа жүгінген.

26 жәбірленушіге келтірілген залал 35 миллион теңгеден асқан.

Ілияс Сәриев сот алаяқ Әйел

Тақырыпқа жаңалықтар