ҚМА зейнетақы қорынан жымқырылған ақшаға алынған көдіктерді көрсетті

Қаржылық мониторинг агенттігі зейнетақы қорынан 200 миллиард теңге жымқырған топтан тәркіленген қымбат көліктерді көрсетті, деп хабарлайды Arbat.Media.

Ұсталғандар 600 миллион теңгеден асатын қаржыға 15 қымбат көлік (Mercedes-Benz G-class, BMW X7, Porsche Taycan, Cadillac Escalade және т.б.) сатып алған. Сондай-ақ пәтерлер, жер телімдері мен коммерциялық нысандарға иелік еткен.

Айта кетейік бұған дейін БЖЗҚ-дан ақша жымқырған 5 қылмыстық топ әшкере болған еді. Олар жалған стоматологиялық клиникалар арқылы зейнетақы қорынан ірі көлемде қаражатты заңсыз шешіп отырған.

Клиникалардың ғимараттары да, жабдықтары да, мамандары да болмаған, ал әр азаматтың ақшасынан 10–20% заңсыз сыйақы алып отырған.

Қылмыстық топтар 226 «дропперді» пайдаланып, 200 миллиард теңгеден астам қаржыны қолма-қол айналдырған.

Көлік Қаржы жымқыру ҚМА

Тақырыпқа жаңалықтар