Қоғамдық орындарда ниқаб кигендерге 43 мың теңге айыппұл салынады

Енді қоғамдық орындарда ниқаб кигендер бірінші рет ескеру алады. Егер жағдай қайталанса 43 мың теңге айыппұл төлейді, деп хабарлайды Arbat.Media.

Парламенттің төменгі палатасы бұл заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады. Депутаттар заң жобасын «Құқықбұзушылық профилактикасы туралы» деп атады.

«Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекске енгізілген түзетулерде қоғамдық орындарда бетті жауып тұратын, тануға кедергі келтіретін киім (ниқаб) кигені үшін әкімшілік жаза қарастырылған», – деп түсіндірді төменгі палата.

никаб қоғамдық орын Айыппұл Қаржы
Кеше, 17:05 Қазақстан жаңалықтары
Кеше, 18:31 Қазақстан жаңалықтары
Кеше, 14:48 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар