Қазақстан жаңалықтары4 қаңтар 2024, 11:00

Қонаев қаласында саябақтағы 22 түп ағашты заңсыз кескен

Қонаевта Жеңіс саябағы маңында белгісіз біреулер 22 түп ағашты заңсыз кескен. Жер иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Қонаев қалалық сәулет және қала құрылысы бөлім басшысының міндетін атқарушы Руслан Ботамбаевтың айтуынша, жер телімінің иесі, қала тұрғынына ҚР ӘҚБтК-нің 386 және 505-баптарына сәйкес 184 600 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Ауыр техника жүргізушісі ҚР ӘҚБтК-нің 505-бабына сай, 20 АЕК (73 840 теңге) айыппұл арқалады.

Хаттама толтырылған соң ағаш кесу жұмыстары тоқтатылды

Қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімі жер телімін мемлекет меншігіне қайтару үшін қажетті құжаттарды дайындап жатқанын хабарлады.

Қонаев Заңсыздық ағаш кесу Айыппұл

Тақырыпқа жаңалықтар