Қонаевта ер адам әйелін аяусыз соққыға жықты

Қонаев қаласында ер адам әйелімен жанжал кезінде оны соққыға жыққаны туралы ақпарат әлеуметтік желіде тарады, деп хабарлайды Arbat.Media.

Бұл жағдай Алматы облыстық полиция департаменті тарапынан расталды.

Telegram-арналардың бірінде жарияланған видеода көлікте отырған жас әйел мен жүргізуші жағынан шыққан ер адам көрсетілген. Видео авторы әйелдің жаңа ғана жерде құлап жатқаны, киімі мен шашы шаң болғаны жайлы айтады:

«Мынау – ас бөлменің батыр. Әйелін ұрып, енді кетіп бара жатыр. Қазір боқтап жатыр. Шашына қараңыз, жаңа ғана жерде жатқан», – дейді куәгер.

Пост авторының айтуынша, оқиға 6 шілде күні Қонаев қаласында куәгерлердің көз алдында болған. Куәгерлердің сөзіне қарағанда, ер адам әйелін қатты соққыға жыққан, сол себепті әйел екі кішкентай баласымен бірге үйден кетуіне мәжбүр болған. Оларға бейжай қарамаған қала тұрғыны уақытша паналатуға келісім берген.

Жазбада атап өтілгендей, оқиғадан кейін ер адам әйелінің анасын қорқытып, жұбайын үйге қайтаруға тырысып жүр. Әйел мен балалар өз өмірі мен қауіпсіздігі үшін алаңдап отыр.

Алматы облыстық ПД мәліметінше, күдікті ер адам ұсталып, полиция бөліміне жеткізілген. Оған қатысты Қылмыстық кодекстің «Соққыға жығу» бабы бойынша іс қозғалды.

ер адам Әйел Қонаев соққы

Тақырыпқа жаңалықтар