Қосшыда әлеуметтік желі арқылы танысқан жігіт қалыңдығына 1 млн теңгеге жуық қалың мал берген
28 жастағы ер адам шымкенттік қызбен әлеуметтік желі арқылы өткен жылдың тамызында танысқан, деп хабарлайды Arbat.Media.
Бірнеше кездесуден кейін екеуі бірге елордада, кейін Қосшыда пәтер жалдап тұрған.
Көп ұзамай жігіт қызды ата-анасымен таныстырып, бір жарым айдан кейін әйел жүкті екенін айтқан.
Ер адам үйленуге шешім қабылдып, қыздың ата-анасына 950 мың теңге қалыңмал берген.
Сондай-ақ болашақ келіншегіне 600 000 теңгеден астам сомаға алтын әшекей сатып алған.
Сыйлықты алып алған қалыңдық кейін жігітпен байланысқа шықпай қояды.
Анықталғандай, қалыңдықтың 3 баласы болған. Қазіргі уақытта қылмыстық іс қозғалып, қыздың орналасқан жері анықталып жатыр.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: