Қостанай облысында 510 бас ірі қарадан бруцеллез анықталды
Қостанай облысында 510 бас ірі қарадан бруцеллез анықталды, деп хабарлайды Arbat.media.
Соңғы жағдай — Меңдіқара ауданы Қызылту ауылында тіркеліп, 132 бастан алынған сынаманың бесеуі оң нәтиже көрсетті. Ауылға шектеу шаралары енгізілуі мүмкін.
Қазір мамандардың айтуынша облыста жағдай тұрақты.
Ал Солтүстік Қазақстанда 68 бас малдан індет анықталды. Оның 58-і Есіл ауданы Бірлік ауылында тіркелген. Елдімекенде шектеулер қойылып, дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде.
Ветеринарлар індет ошағын оқшаулап, әр 15-20 күн сайын қан алу арқылы бақылау жүргізіп отыр.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: