Қостанай облысында жабайы түлкілер адамдарға шабуылдай бастаған

Қостанай облысының Жітіқара ауданында жабайы жануарлардың елді мекендер маңында көрінуіне байланысты арнайы жұмыс тобы құрылды. Бұл туралы облыстық прокуратураның баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Arbat.Media Skifnews.kz ақпарат порталына сілтеп.

Мақсат – тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, жабайы аңдардың пайда болуына жедел әрекет ету.

22 қазанда «Эталон» ЖШС аумағында күзет қызметкері жабайы аңды байқап, оны бейнежазбаға түсірмек болған.

Алайда аң агрессивті мінез көрсетіп, әйел жарақат алған.

Ол Жітіқара аудандық ауруханасына жеткізіліп, дәрігерлік тексеруден өтті. Науқасқа вакцина егілді, жағдайы тұрақты, госпитализация қажет болмаған.

Кейін бұл бейнежазба үшінші тұлғаларға рұқсатсыз беріліп, 5 қарашада мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде тараған.

Бұл жағдай тұрғындар арасында дүрбелең туғызған.

Прокуратураның мәліметінше, қазір аудан бойынша төрт шағым тіркелген, олардың барлығы бақылауға алынды.

Сонымен қатар 109 бірыңғай байланыс орталығы тәулік бойы жұмыс істейді, ол арқылы тұрғындар жабайы жануарлардың көрінуі туралы хабарлай алады.

Қостанай түлкі облыс Жетіқара

Тақырыпқа жаңалықтар