Қазақстан жаңалықтары17 қаңтар 2024, 9:11

Қостанайда боранда жоғалған малшы аман табылды

Қостанай құтқарушылары мен полицейлер аязда жоғалып кеткен малшыны тапты. Оны бәрі жабылып үш күн іздеген еді, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Kazinform агенттігі жариялады.

13 қаңтарда Арқалықта қарлы боранда жергілікті малшылардың жылқылары жоғалған. 

Малшылар көлікпен іздеуге шығып, оларды Ақмола облысынан тапты.

Көлік қарда тұрып қалады. Малшылардың біреуі жылқыны күзетуге қалып, сол күйі із-түзсіз кетті.

Үш күн ішінде аязды ауа райына қарамастан 50 адамнан тұратын топ іздеу жұмысын тоқтатқан жоқ.

         Фото: Қостанай облысы ТЖД

Құтқарушылар, полицейлер, жергілікті атқарушы органдар, еріктілер және жанашыр жергілікті тұрғындар жоғалған адамды іздеді.

Қолайсыз ауа райы тікұшақпен іздеуге кедергі келтірді. Сондықтан ер адамды жаяу және квадрокоптердің көмегімен іздеді.

16 қаңтарда Астана қаласынан жоғалған адамды іздеу үшін тікұшақ келді.

Аумақты барынша қамту үшін бүкіл ресурстар, соның ішінде тікұшақ, жол талғамайтын және қарда жүретін көліктер тартылды.

Жоғалған малшыны Восточное ауылының маңынан полиция қызметкері тапты. 

Малшыны үсік шалған. Ол дереу Арқалық қаласының ауруханасына жеткізілді.

Қостанай боран жоғалған малшы табылды

Тақырыпқа жаңалықтар