Қостанайда жылу құбыры жарылды
Әлеуметтік желілерде Қостанайдағы ықшамауданда жылу құбыры жарылғаны туралы ақпарат пайда болды, - деп хабарлайды Arbat.media.
Бұл туралы жергілікті тұрғындар айтып, оқиғаны «Қостанай жылу-энергетика компаниясы» МҚК растады.
— Шипин көшесіндегі 158-үй маңында жылу құбыры жарылды. Жөндеу бригадасы жолға шықты. Әзірге үйлерді жылумен қамтамасыз ету үзілген жоқ, — деді Қостанай жылу-энергетика компаниясы.
Сауал жолданған сәтте апатты жою жұмыстары әлі басталмаған болатын.
Жергілікті тұрғындарың бірінің үйінде еден астынан ыстық су атқылаған.
ҚЖЭК қажет болған жағдайда су сорылатынын айтты.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: