ҚР Денсаулық сақтау министрлігі: 4 мыңнан астам су сынамасы зерттелді
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі қолайсыз су тасқыны жағдайлары орын алған өңірлерде ауыз сумен жабдықтау сапасына тұрақты мониторинг жүргізуде. Эпидемияға қарсы және профилактикалық іс-шаралар шеңберінде Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің аумақтық бөлімшелері орталықтандырылған және орталықтандырылмаған сумен жабдықтау көздерінің нысандарына күшейтілген бақылау жүргізуде, - деп хабарлайды Arbat.media.
Санитариялық-химиялық және микробиологиялық көрсеткіштерге 4 мыңнан астам су сынамаларын іріктеу және зерттеу жүргізілді.
Оның ішінде гигиеналық нормативтерге сәйкес келмейтін 133 сынама анықталды.
Өңірлерде санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылықты қамтамасыз ету бойынша жұмыс жалғасуда.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: