Құлсарыда жанармай құю бекетінде жарылыс болып, 2 адам мерт болды

Атырау облысында жанармай құю бекетінде болған жарылыстан 2 адам мерт болып, 14 адам зардап шекті, деп хабарлайды Arbat.Media.

Атырау облысының төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, жарылыс салдарынан үш қабатты ғимарат, газ құю станциясы және сол маңға жақын орналасқан екі қабатты ғимарат өртенген.

"Жарылыс салдарын жоюға 60 құтқарушы мен 10 техника жұмылдырылды. Өрт сөндіру мен адамдарды қауіпті аймақтан эвакуациялау бойынша жұмыстар жүргізілуде», - деп хабарлады Атырау облысы ТЖД.

Оқыс оқиғадан 14 адам зардап шегіп, екеуі мерт болған.

 

Ақпарат Адам Құлсары Жанармай

Тақырыпқа жаңалықтар