“Құтқармақ болды”: Ақтөбеде 9 жастағы қыз бен ер адам жантүршігерлік жағдайда мерт болды

Ақтөбе облысындағы Жарлы ауылында қайғылы оқиға болды, деп хабарлайды Arbat.Media.

қоқысқа толы ескі құдыққа 9 жастағы қыз құлап кетті. Оны құтқармақ болған ер адам да құдыққа түсіп, кейін қайта шыға алмай қалған.

Оқиға 17 маусымда болған. 9 жастағы қыз шамамен 10 метр тереңдіктегі құдыққа құлап кеткен. Құдық жеке үйдің ауласында орналасқан, ескі және қоқысқа толы болғаны хабарланды.

Баланы құтқармақ болып бір ер адам құдыққа түскен. Алайда қайта шыға алмаған.

"Құтқарушылардың көмегімен бала мен ересек адам құдықтан ес-түссіз күйде шығарылды. Аудандық төтенше жағдайлар қызметінің қызметкерлері жедел алғашқы медициналық көмек көрсетті. Алайда қабылданған шараларға қарамастан, екеуі де қайтыс болды", – деп хабарлады Ақтөбе облысы ТЖД.

Ақпарат Қаза Ақтөбе құдық

Тақырыпқа жаңалықтар