Қылмыстық топ қол-аяғы жоқ адамды қайыр сұрауға мәжбүрлеп, баласын тартып алған
Қылмыстық топ қол-аяғы жоқ адамды қайыр сұрауға мәжбүрлеп, баласын тартып алған, деп хабарлайды Arbat.media.
Жұбайы мүгедек ер адамға қозғалуға көмектескен. Ер адам күніне 20-40 мың теңге тапқан, бар ақшасын «қожайындары» тартып алып отырған.
2020 жылы ерлі-зайыптылардың қызы дүниеге келген. Топ басшысы сәбиді ата-анасынан ажыратып, өзінің әпкесіне берген. Бала ата-анасына тек рұқсатпен көрсетілген.
Сондай-ақ олардан туу туралы куәлікті тартып алып, ата-ана құқығынан айыратындарын айтып қорқытқан.
Қылмыстық топтың басшысы 17 жылға, үш сыбайласы 12 жылға сотталды.
Жәбірленушілерге 6 млн теңге көлемінде моральдық өтемақы төленді.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: