“Қытай азаматы тақырға отырды”: Жетісуда сұмдық әрекет әшкере болды

Панфилов ауданына қарасты Атамекен ауылында автокөліктерді заңсыз иемденуге байланысты ірі алаяқтық дерегі анықталды, деп хабарлайды Arbat.media.

33 және 34 жастағы екі ер адам 13 автокөлікті иемденіп, жалпы сомасы 314 млн теңгеден астам материалдық шығын келтірген.

«Олар Қытай азаматының автокөліктерін Грузияға жеткізіп береміз деп уәде беріп, 6 көлігін алып кеткен. Кейін көлік тасымалымен айналысатын жеке кәсіпкердің 7 көлігін Беларусь Республикасына жеткізуі керек болған», - деп жазды Polisia.kz.

Кейбір көлік Шымкент пен Жамбыл облысына жеткізіліп сатылған. Қалған көліктер Алматыда арзан бағада өткізілген.

ІІМ алаяқ Жетісу облыс

Тақырыпқа жаңалықтар