Қытайдың 5 ЖОО-сы отандастарымызды қазақ тілінде оқытып жатыр
Қытайда 10 мыңнан астам қазақстандық білім алып жатыр. Бұл туралы Қытай Халық Республикасының Сыртқы істер министрі Ван И мәлім етті. Қытай министрінің айтуынша, бүгінде аталған елде 10 мыңнан астам қазақстандық студент білім алуда, - деп хабарлайды Arbat.media.
Бұл туралы Kazinform агенттігі жазады.
«Қытай Қазақстаннан жоғары сапалы ауыл шаруашылығы өнімдерін импорттауға дайын. Сондай-ақ, тараптар «Қытай-Еуропа» пойыздары саласындағы ынтымақтастықты нығайта түспек. Сонымен қатар екіжақты тауар алмасу, өткізу қабілетін арттырып, неғұрлым қолайлы жағдайлар жасауға шешім қабылданды. Қазақстандық студенттер үшін Қытайдың бес жоғары оқу орнында қазақ тілінде оқыту қолжетімді. 2023 жылғы қарашада екі ел арасында визасыз режим енгізілді», - деді Ван И Қазақстанға сапары барысында.